Заманауи технологиялардың дамуымен, қылмыс элементтеріде өз әрекеттеріне өзгелерді тарту үшін интернет желілерін және басқа да байланыссыз мүмкіндіктерді белсенді түрде қолданады.»Мысалы, соңғы жылдары психобелсенді заттар мен синтетикалық есірткілерді интернет-сайттар және «Qiwi-кошелектер» арқылы өткізу үрдісі байқалады. Қылмыстың осы түрінің жолын кесу  мақсатында, есірткі сатушылар қолданған 38 сайт бұғатталды», — деді Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев. Жалпы, жыл басынан Атырау облысында 120 есірткі қылмысы тіркеліп, заңсыз айналымнан22 кг-нан астам есірткі заттары (негізінен марихуана) тәркіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *