ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі патрульдік полицияны дыбыс ұлғайтқыш арқылы берген тоқтату талабын орындамай, жылдамдығын арттырып, Бейбарыс даңғылынан Әбдірахманов көшесі арқылы С.Датов көшесіне өтіп, одан әрі Баймұханов, Берғалиев, Амандосов көшелерімен жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіріп»Атырау-Орал» тас жолымен Алмалы селосына қарай бағыт алады. Артынан ерген патрульдік полиция экипажына тоқтамаған көлік Береке селосы «Бугорки» саяжайындағы тұйық көшеге келіп, мәжбүрлі түрде тоқтаған.Тексеру барысында ресейлік есептегі Ваз көлігінің жүргізушісінің алкогольдік ішімдік ішкені, бұдан бұрын ҚР ӘҚБтК 612-бабының 3-бөлімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.Алмалы селосының 1998 ж.т тұрғыны. бірнеше мәрте өрескел жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлімі (жүргізу құқығынан айырылған тұлғаның жолдың қарсы бағытына шығып көлік құралын басқаруы),612-бабы 4-бөлімі (жүргізу құқығынан айырылған тұлғаның бір жыл ішінде қайталап көлік құралын басқаруы), 606-бабы 1-бөлімі (басқа көлік құралына апаттық жағдай тудыруы), 600-бап 1-бабы (жаяу жүргіншілерге жол бермеген), 595-бабы 1-бөлімі (маневр жасау ережелерін бұзу), 596-бабы 1-бөлімі (жолдың жүріс бөлігінен тыс жерлермен жүргізу),601-бабы 1-бөлімі(жол белгілерінің талабын орындамау),613-бабы 1-бөлімі(полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы талабын орындамау),590-бабы 10-бөлімі (техникалық сәйкес емес көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, жүргізуші сотқа дейінгі әкімшілік ұстау бөлмесіне орналастырылды.Көлік арнайы тұраққа қойылды.