Қазақстанда ресми түрде «донор күні» 14 маусымда өткізіледі, оған әдетте қан тапсыру бойынша бұқаралық іс-шаралар орайластырылады. Алайда Атырау облысы полиция департаментінің басқарма- бөлімшелерінде донорлық қан тапсыру бойынша акциялар үнемі өткізіліп тұрады. Мәселен, бір күн бұрын қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің 40-қа жуық қызметкері облыстық балалар ауруханасына барып,  донорлық қан тапсырды. Акция барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтті. Қан алу процедураларын облыстық қан орталығының мамандары жүргізді, барлық донорлардың денсаулық жағдайы алдын ала тексеруден өткізілді. «Біздің қызметкерлеріміздің бастамасы стационарда емделіп жатқан кішкентай емделушілер үшін қажетті әрі  уақытылы болады деп үміттенеміз», — деп атап өтті Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әділхан Байдосов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *