Ассалаумағалайкум, ағайын!
Сіздер қоқыс, қалдықтарды лақтыратын кезде сұрыптайсыз ба?
Суретте көріп тұрғандарыңыздай, қалдықтарды сұрыптаудың негізгі бес түрі бар: пластиктік, техникалық, макулатура(қағаз), шыны-қалбыр, тамақ.
Бұлайша озық дамыған елдер сұрыптаса болады. Ал біз алдымен, органикалық және бейорганикалық қалдықтарды бөлек жинап үйренгеніміз абзал. Өйткені біздің қоқыс тазартушы мекемелердің әлеуеті оған жепейді. Бес түрге сұрыптау үшін, кемі бес қоқыс жәшігі тұру керек. Бесеуін бөлек бөлек тасу үшін, бір техника бес рет қатынау керек. Ол әрі-бері жүріп, қаншама отын жағады?! Оның өзі экологиялық мәселе емес пе? Ал, тамақ (органикалық) қалдықтарын және қатты (бейорганикалық) қалдықтарды бөлек сұрыптап жинаса, екі жәшікке екі рет қана қатынайды.
Тамақ қалдығын неге бөлек жинау керек? Бұның жауабын өңдеуші зауыттар айтады. Қатты қалдықтарды өңдеген кезде олар органикалық қалдықтарға былғанып келгендіктен, жууға тура келеді. Пластик, картон қағаздар, шыны, қалбырлар, былайша айтқанда, боқ-боқ боп келеді ғой. Оны өңдеу үшін жуу керек. Жуу үшін су керек. Оның бәрін тазалау үшін көп мөлшерде су кетеді. Бұл да бір экологиялық мәселе емес пе?!
Үйде тамақ қалдықтарын тастамас бұрын осы жайында бір ойланыңызшы…
Есенбай Ізбасаров