(Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының материалдық, шығармашылық ахуалы және сынның пәрменділігі туралы Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешовтің қоғамдық кеңесте сөйлеген сөзі).
Бүгінгі ұсынылып отырған тақырыпты зерделеуге арқау болған,БАҚ-тың жанашырларының «ақпараттағы сын неге жойылды» деген жан-айқайынынан туындаған.Осы мәселенің анық-қанығына жету мақсатында, облыстық қоғамдық кеңесінің зерделеу тобы мониторинг өткізіп,қортындысын Сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.
Бүгінде облыста 54 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оның ішінде 28 газет,6 журнал,2 телеарна және радио,кабелдік операторлар,сонымен қатар 14-интернет ресурс бар.
Облыстың бас газеттері «Атырау»,«Прикаспийская коммуна» беттерінен,радиотелехабарлар эфирінен қоғамдағы туындаған мәселелер түскен емес.
Көтерілген кез келген тақырып еркін түрде жазылып, оқырмандар мен көрермендердің көкейіне ашықтық тұрғысында жеткізіліп келеді.
Өткен 2019 жылы және ағымдағы жыл басынан облыстық газеттер мен телевиденияның ұйымдастыруымен 100 аса кездесулер, сұхбаттар, баспасөз-релиздері өткізіліп, тұрғындар сұрақтарына облыс, қала, аудан басшылары мен мекемелер жетекшілері жауап берді.
Облыстық газеттерде, теледидарда арнайы беттер мен телехабар беріліп, сөз бостандығын, демократиялық,ұлттық құндылықтар мүддесін қорғау тақырыптарына назар аударылды.
Облыстың ақпарат ресурстары билік пен бұқараның арасындағы дәнекер қызметін атқаруға нақты көңіл бөліп келеді.
2020 жылдың алты айы ішінде жүргізілген мониторинг талдауына сүйенсек, облыс бойынша әлеуметтік сала тақырыптары өңірлік БАҚ-та 5 мыңның үстінде, ал коммуналдық төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек бойынша мыңға жуық материалдар газеттер бетіне, телехабарларға шықты.
Қазіргі уақыттағы ең күрделі мәселе коронавирус дертіне қарсы сақтандыруға, МӘМС қорының жұмыстарына байланысты 800 басылымдар мен шығарылымдар ақпарат құралдарында жарық көрген.
Газет оқырмандары мен радиотелеаудиторияларының көрермендері өздерінің мұң-мұқтаждары мен өтініштерін шешудегі соңғы тірек газеттер редакциясы мен телевидения деп есептеп, «ауылда мектеп жоқ», «жол жоқ», «жағдай жоқ», «жемқорлық жайлады», әйтуір барлық «жоқтары» туралы хаттарын редакцияларға жолдап, хат-қоржынын үнемі толтырып отырады, шешімін таппаған күрделі проблемалар бойынша телетүсірілім топтарын шақырып, өздерінің өтініш-арыздарын билікке жеткізеді. Осылайша, газет,телерадио журналистері халықтың көкейіндегі мәселелердің түйінін шешуде қаламның ұшымен телеобъективтің сыни көзімен көмектерін көрсетуде.
Облыстық қоғамдық саяси газеттерінің бүгінгі материалдық және шығармашылық жай-күйі, газет басылымдарының тиражына тікелей
байланысты, енді осы мәселенің сыры мен қырына үңілсек,төмендегідей жәйттерге куә боламыз.
Газет несімен құнды, әрине оқырмандарымен, өкінішке орай,өңірде баспасөзге жазылуда төмен қарай құлдырау бар.
Соңғы үш жылда газет-журналдарға жазылу динамикасы Атырау қаласы мен аудандарда қынжыларлық жағдайда.
2020 жылдың 1-ші жартыжылдығына облыста газет-журналдарға жазылу көрсеткіштің орындалуы 70 пайыз шамасында болды, ал жылдың 2-ші жартыжылдығына жазылу «Атырау» газеті бойынша 28,0 пайыз, «Прикаспийская коммуна» -26.5 пайызды құрайды.
Баспасөзге жазылу динамикасын Атырау қаласы,Жылыой,Мақат, Қызылқоға, Исатай аудандары төмендетуде.
Облыстық БАҚ-тың құрамдас бөлігі аудандық газеттердің тиражы Жылыой, Исатай, Мақат, Махамбет,Қызылқоға аудандарында қысқарды.
Өңірдегі ақпарат беруші газеттердің бүгінгі шығармашылық жағдайының, материалдық,қаржылық қиындықтарын осы факторлардан аңғаруға болады.
Мониторинг қорытындысына назар аударсақ, облыстағы барлық санаттағы депутаттар корпусының баспасөзге жазылып, алдыру көрсеткіші 30-40 пайызға жетпей шықты, ал жастардың жергілікті басылымдарды күнделікті оқуы тек қана 5-10 пайыз шамасында.
Республикалық «Нұр Отан» партиясының органы — «Айқын» мен «Литер»газеттерінің облыстағы партия мүшелерінің санымен есептегендегі жазылу 1,0 пайызға жетпеуі, «Казправда» «Егемен Қазақстан» газеттері тиражының республика облыстары тізімінің соңғы орындарға жайғасуы, мұнайлы облысымыз үшін үлкен сын.
Бұл проблеманың туындау себебі, бұрында «баспасөз-барша халықтық іс»,-десе, бүгінде «әркімнің жеке ісі»,-деп дәлелдеушілер көбейген.
Талдау көрсеткендей газетке жазылу науқаны негізінен «ҚазПошта»АҚ мен редакцияларға жүктеліп, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан қолдау таппауда.
Қала мен аудандық әкімдіктер баспасөзге жазылу ісінен ат-тондарын ала қашып, бұл іске қатысымыз жоқ,-деп ақталады.
Әкімдер тарапынан газет пен журнал ел айнасы, оларды оқу әрбір азаматтың парызы деп қолдау жасалса,бедел-берекеттеріңіз ортайып кетпейді,осыны ескерген дұрыс.
Республикалық газеттерге жазылу жұмысына,олардың облыстағы жалғыз-ақ меншікті тілшілері ықпал жасай алмайды, бұл науқанға облыстық ішкі саясат басқармасы тиісті қолдау көрсетуі қажет.
Облыстағы баспасөзге жазылудағы туындаған проблемалар туралы «ҚазПошта»АҚ Атырау филиалының директоры А.Садықова қосымша ақпарат беретін болады.
Осылайша, облыстық, аудандық газеттердің тираж санының жылма-жыл азаюы, журналистер қауымының алдына «еңбек ақы көлемі төмендей ме, әлде штаттық кесте қысқара ма?» деген сауалдарды туындатуда.
Басылым туралы сөз қозғалса, демеушілердің көпшілігі «қазір жарнама беруге,баспасөзге жазылуға еркін ақша жоқ,құрылтайшы рұқсат етпейді» деп шығарып салады.
Себебі, облыстағы бұрынғы «флагмандар» бүгінде Ұлттық компаниялардың филиалдарына айналып,бір тиынға да билік жасай алмай қалды.
Сонымен, БАҚ, биліктің ақпараттандыруды қолдауға бөлген қаражатымен күнін көруі екі талай, жақын жылдарда газеттің құрылымына, құрамына, штаттық кестесіне келеңсіз өзгерту енгізуге алып келетіні сөзсіз.
Бүгінгі таңда газет оқырмандарының сапасы түбегейлі өзгерген.
Әрбір отбасының асыға күтетін «жаңалық айнасын» алушылар, талдау көрсеткендей, көбі елуден әрі асқандар мен ерекше қызығушылығы бар адамдар болмаса, жаппай оқу үрдісі төмендеген.
Оқырман санаулы, себебі, аптасына екі рет шығатын газеттердің беретін ақпаратын күн-түні жаңалап отыратын жылдам әлеуметтік желі жеңіп кеткен.
Кезінде Ахмет Байтұрсынов «Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі»деген сөзін, қазіргі эфирлық-цифрлық ақпарат жоққа шығару алдында.
Осы тұрғыда өңір тұрғындарының медиа сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыра отырып, газеттің ролін түсірмеуіміз керек.
Ол үшін газет беттерінен оқырмандарды қызықтыратын жаңашыл көзқарас, өткір туындылар, тың тақырыптар, сыни материалдар, ең бастысы-ақпараттық ашықтық орын табуы керек.
Сонда оқырман көбейеді, газеттің беделі артады, қоржынына қаржы түседі.Бұл мәселені Президент Жолдауында «ақпараттың ашықтығы азаматтық қоғаммен сындарлы диалог орнатуға септігін тигізеді» деп түйіндеді.
Есеп бойынша, облыста 6 журнал шығады деген ақпарат бар,бірақ олардың көбі әртүрлі себептермен шығарылымын тоқтатқан.
Өңір тұрғындары арасында тәрбие, тағылым, тіл мәселелерін жас ұрпаққа насихаттау ісіне үлкен көңіл бөлетін «Мерейлі мекен» журналы, «Сахара» газеті бүгінде жабылу хақында. Мемлекеттік қолдау принципінде, жекеменшік басылымның өзектілігі, тәрбиелік мәні ескерілмей, мемлекеттік тапсырыс тізіміне енгізілмейді.
Баспасөз , телевидение жұмыстарын талдауға, мемлекеттік тапсырыс
жұмысын реттеуге мүдделі облыстық басқарма тарапынан ұйымдастыру,бағыттау,қолдау шараларын жүйелеу керек.
Енді сын белсенділігіне, объективтік сипатына оралып,сын мәртебесінің облыстық БАҚ-та қолдануына тоқталсақ.
Ағымдағы жылдың 6 айында облыстық БАҚ беттерінде 700 жуық сын мақалалар, телетүсірілімдер жарық көрген.
Сын жанрының жаңа түрлері соңғы кезде облыстық газеттер мен теледидарда қолданысқа еніп,сынның құндылығын арттыра түсіруде.
Талдау көрсеткендей БАҚ-тың сын материалдарына шұғыл шаралар алу,тұрғындар сұрақтарына тұжырымды жауаптар беріп, істің мән-жәйін халыққа түсіндіру жұмыстарында оң өзгерістер байқалмайды.
Өкінішке орай, газет бетіне шыққан сын мақалаға, тележурналистердің бейне материалдарына,әлеуметтік желіге шыққан хабарламаларға дер кезінде құлақ аспай, БАҚ дабылына бас ұрмайтын өзімшіл, өркөкірек басшылар мен олардың қолдаушылары өңірдің барлық саласында көбейіп кеткен, бұл жағымсыз үрдісті, шетел мекемелері де өз регламенттеріне енгізген.
Егер шетел компанияларының басшылары ҚР «БАҚ туралы» Заңын білмейтін болса,оларға жеткізу Сіздердің міндеттеріңіз медиақұрылым өкілдері.
Соңғы кезде сыни пікірді көтере алмай, мекемеге қарсы айтылған нақты айғақ пен бұлтартпастай делелдерді негізсіз, дәйексіз деп, «адам арына нұсқан келтірді» деген шағыммен журналистерді сот алаңына сүйреу фактілері өріс алуда,немесе, өз мінін, қателігін көрмей, шығарылым авторына қоқан-лоқы жасап, дүрсе қоя беру дағдыға енген.
«Ағалар» мен таныс-тамырдың қолдарымен дайын материалдарды газет пен телеэкраннан алдырып тастауға әрекет ету фактілерінің барын жасыруға болмайды. Осылайша, ақпараттағы ашықтық жолына тосқауыл қоюшылар, сынға немқұрайлық танытып,қарсы әрекет етушілер саны жылма-жыл артуда.
Ақпарат құралдарындағы сын пәрменділігіне көңіл бөліп, проблеманың тұқ етеріне жетіп, кінәлілерді «су бетіне» сүйреп шығаруда батыл шешім жоқ,табандылық аз,«кімге жақпай қалам» деген жағы басым, жалпы айтқанда, жоғарыға жалтақтау әдетін жойып,БАҚ бостандығын орнату керек.
Қазіргі облыстық медиа құралдарының басшылығына келген білікті мамандар өткен қателіктерді қайталамай,БАҚ-тың қоғамдағы орны мен беделі үшін жаңа екпін енгізеді деген үлкен үміт бар.
Облыстық теледидар арқылы жария болған сын материалдарын сипатына қарай сұрыптасақ: олар өндіріс пен құрылыс саласына қатысты,АПК,СПК, қала құрылысы, жолаушылар тасымалы, білім, денсаулық сақтау,әлеуметтік саланың,кәсіпкерлік мәселелері, қала базарларындағы келеңсіздіктер, автотұрақтар мен тұрмыстық қалдықтар, күнделікті тауарлар бағасының қымбаттауы, санитарлық ахуал,мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру
туралы «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Жаңалықтар қызметі» хабарында бірнеше сын тақырыбы көрсетілімге шығарылса да, кемшіліктер жалғасуда. Дина,Насиха,Мұрагер, Сарайшық базарлары маңындағы көлік қозғалысының бей-берекетсіздігі,сауда жүйесіндегі келеңсіздіктер, адамдардың жүріп-тұруына жағдай жасалмағаны, бағалар тұрақсыздығы туралы материалдар жазылыпта, көрсетіліп жатсада, базар әкімшіліктерінің сын-ескертпелерге құлақ асып,тиісті нәтиже шығармауы, баспасөз Заңына деген құрметтің жоқтығынан.
Телехабар журналистерінің түсіру тобының Атыраудағы Орталық және Балықшы көпірлеріне жөндеу, қала көшелеріне жол құрылыс жұмыстарын жүргізу, Береке шағын ауданында салынған үйлердің сапасыздығы,Талқайраң бағытында бой көтерген «Спутник» қалашығындағы үйлердегі түгелге жуық инфрақұрылымының жоқтығы туралы сыни көрсетілімдері бойынша, Атырау қаласының тиісті органдары,облыстық құрылыс,энергетика,коммуналдық –тұрғын үй басқармалары телередакцияға тұшымды жауап бермеген.
Жаңалықтар телетүсірілімінде көрсетілген Жылыой,Мақат аудандарындағы қоқыс алаңдарының санитарлық жағдайы,Құрманғазы ауданындағы жол-көлік қозғалысы, Қызылқоға халқын толғандырған су, Махамбет пен Исатайдағы жер мәселелеріне,
Индердегі жылдар бойы бітпейтін кентішілік жол айырымдарына байланысты аудан басшыларының екіұшты,болжам тұрғысында берілген жауаптары тұрғындарды мүлдем қанағаттандырмайды.
Ауыз судың азабын көрген азғырлықтар,ескерусіз қалған Қарабау мектебінің ғимараты, мал жайылымына зәру дамбылықтар,көшелері асфальтсыз,жарығы жоқ «Балауса» тұрғындарының жан айқайы, Атырау қаласындағы құрсауы кеткен жатақханалардың жәйі-күйі, Геолог ы.а. кәріз суының ашық-шашық жатқаны, қоғамдық көліктің уақытылы жүрмеуі, жол белгілерінің жоқтығына байланысты көрсетілімдер мен телетүсірілімдер қала әкімдігі,облыстық автокөлік және жолаушылар тасымалы,энергетика және тұрғын-үй-коммуналдық,ауылшаруашылық басқармалары тараптарынан ескерусіз қалып, проблемалар жалғасын табуда.
Осы секілді бейберекетсіздіктердің күнделікті өмірде сан-алуан түрлері кездесіп жатса да,жауаптылардың уақытылы әрекет жасамайтыны қынжыларлық.
БАҚ-тың келеңсіздік мәселелері туралы дабылына газет оқып,теледидар көрмейтіндей сыңай танытып,сынға елең етпейтіндер қатары көп,ал мекемелердегі штатты баспасөз хатшылары сын мен мінді айырмай,басшысына қарайлайды.
Пандемияға қарсы күрес кезінде тұрғындардың сұрақ-сауалдарына,зары мен назына облыстық денсаулық сақтау басқармасында,Тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін және көрсетілген қызметті бақылау Департаментінде/СЭС/жауап беретін жан болмады.
Осы тәрізді әрекеттер шығармашылық топтың дербестігіне тұсау салып,ақпарат құралының беделі мен күшіне тұрғындардың күмәнін туғызып, «телевидение түсірді,газетке жазды,бірақ түкте нәтиже жоқ» деген қыңқу сөздер туғызды.
Сайып келгенде,газет бетінде жарияланған, теледидардан көрсетілген бірде-бір сын материалдар назардан тыс қалмай, тақырып бойынша сыннан тұжырымды қорытынды жасалып,жауап мезгілінде Заң талабы бойынша БАҚ-қа жолдануы керек.
Өздеріңіз көргендей облыстағы теледидар тарату қызметі күнделікті орын алған кемшіліктермен,сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күресте алдыңғы шепте келеді,соңғы кездегі телекөрсетілімдердегі жаңа қадамдар көпшіліктің көңілінен шығуда.
Қоғамдағы істердің ілгері басуына кеселдік жасап,сөз бұйдаға салатын, жалған ақпарат берушілерді тізе бүктіру үшін, кейбір
қасақана жалтарушыларды заңды қадағалау органына, немесе жауапсыздық танытатын мемлекеттік қызметкерді Әдеп жөніндегі кеңеске табыстау Ақпарат органдарының және өкілетті облыстық басқарманың құзырындағы іс.
«Каспиан ньюс» телехабары қала мен аудандар проблемаларын шұғыл көтеріп,тұрғындар талғамын қанағаттандыруда.
Алайда,осы ұжымның тележурналистеріне байланысты,«бұл бағдарлама тек «келеңсіз фактілерді іздейді» деген жалған пікір тудырушылар табылып,редакция жұмысына нұқсан келтіруге тырысып,жан-жаққа телефон шалып,тележурналистерді келтірмеуге әрекет жасаушылар көбейген.
Мұндай әрекеттер, «Телепатруль» хабарына байланысты туындайды.
Келесі мәселе, облыстағы аудандық газеттерде дәлелді сыни материалдар топтамаларының және олардың таратылу тираждарының жылдан жылға азайғаны туралы.
Жылыой, Махамбет, Исатай, Мақат аудандық газеттерінің таралу тиражының жылдан-жылға кері кету себептерін-газетке деген қызығушылықтың төмендігінен, журналистердің кәсіби біліктіліктің жетпеуінен және сыни мақалалардың, фельетон, сықақ туындыларының аздығынан іздеу керек.
Редакция қызметінің мықтылығы,оның шығармашылық корпусының белсенділігімен өлшенеді.
Мәселен, Құрманғазы аудандық «Серпер» газеті көп жанрлы, оқырманы тұрақты, кез келген мәселенің түйінін сыни тұрғыдан қарап, тұрғындар сауалдарына шынайы жауап береді.
Бұл ауданда газетке жазылуды аудан әкімдігі, депутаттар, басқа да қоғам белсенділері қолдап, халық арасында өздерінің сүйікті газетіне бір кісідей жазылу ісіне шақырады.
Қорытындысында, газетке жазылу көрсеткіші бойынша аудандық газеттер ішінде, «Серпер» 1-ші орында.Осындай тартымды істен аудан әкімдігінің абыройына ешқандай нұқсан келіп жатқан жоқ.
БАҚ-тың ішіндегі радионың пәрменді тәрбие-ақпараттық құралы екенін айтып жатудың қажеті жоқ.
Оның эфирлік құрлымы-таңғы жаңалықтар хабарламасынан, қысқа концерттік бағдарлама мен аз ғана жарнама топтамаларынан тұрады.
Кеңес кезінде алыс ауылдарда, пішеншілер қосында, құрылыс алаңдарында тағы да басқа қайнаған еңбек ортасында қара қорабын арқалап жүрген радиожурналисті бүгінде көрмейсін.
Жетік технология бұл көрністі қайтпас тарих қойнауына жіберген сияқты.Қазір радио хабарларының сынына ешкім де құлақ аспайды.
Айтылған сын бойынша,оның жауабын сұрап жатқандарда жоқ.
Оқырмандар мен телекөрермендердің пікірінше, газет беттерінде, эфирде қателіктерге жол беріліп жатады, дұрыс айту және қатесіз жазу нормаларының бұзылуын медиа тұтынушылары жіті байқап отырады.
Өкініштісі, баспалар беттерінде,тікелей эфирде адам жалығатынталғамсыз cөздер,
телесюжеттер,сұхбаттар топтамалары орын алады,-деген жаңалық жанашырларының пікірі.
Материалдардың сапасы мен құндылығын,газет пен телекөрсетілім сөзінің орынды жұмсалуын,ой мен сын мазмұнының нысанаға дәл тиюіне баға беретін барометр-ол қалың көпшілік екенін, ақпарат қызметкерлерінің ескергені дұрыс болады.
Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының ролін көтеруде, журналисттер қауымы негізгі қолдаушы күш болып табылатыны белгілі.
Сол себептен журналистер беделін көтеріп,«сорттауды» қойып,бәріне бірдей шынайы көз қарас танытып,ол газет сынды көп жазады деп, алаламай, бөлмей, өтетін саяси-көпшілік шараларға облыстағы БАҚ өкілдерін түгелдей қатынастырған дұрыс болады.
Облыстағы БАҚ жүйесінің жұмысын реттейтін, бюджеттен бөлінген қаржының тиімділігіне, жетпестігіне жауапты облыстық басқарма, бұл бағыттағы жұмысына сыни тұрғыдан баға беруі керек.
Сіздердің назарларыңызға облыстағы ақпарат құралдарының бүгінгі материалдық, шығармашылық ахуалы, облыстық қоғамдық-саяси газеттерінің беттерінде телекөрсетілімдерде жарияланған өзекті материалдардың сапасы мен мазмұны туралы, сын-ескертпелердің пәрменділігі жөнінде қысқаша талдау анықтамасы ұсынылды.
Облыстық,аудандық газеттердің бас редакторлары,телевидение басшылығы, БАҚ-тың абырой-атағы үшін еңбек етіп жатқандарын айта келіп,саланың тұрмыс-тіршілігі облыс,қала,аудандық әкімдіктері тарапынан әрдайым қолдау табуы керек, «Атырау-Ақпарат»ЖШС-нің жаңа басшысы, медиа саласының шебер ұйымдастырушы Ысқақ Егембердиев, республикаға белгілі тележурналист «Қазақстан-Атырау» облыстық телеарнасының директоры Қанат Әуесбай, бүгінгі облыстық ақпарат жүйесіндегі орын алған кемшіліктерді жоюдың тиімді жолдарын анықтап, «сынды да,мінді де» орнына қояды деген үміт бар.
Мемлекет басшының Жолдауы бәрімізге міндет пен межені айқындады.
Президент мемлекеттік органдардың,квазимемсектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз ету жолында«Қоғамдық бақылау туралы» жаңа Заңды қабылдау, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңды толықтырулар мен өзгерістері көлемінде жыл аяғына дейін Парламенттен өткізу керектігін тапсырды.Сондай-ақ,қоғамдық кеңестердің мемлекеттік сатып алу ісіне тікелей араласуы қажеттілігін атап айтты.
Жолдаудағы Президенттің, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі Заң жобасын әзірлеп,осы сессияның аяғында қабылдау керек деген тапсырмасы, БАҚ-қа жасалған үлкен қолдау және сіздер үшін жаңа тың тақырыптар кеңістігі ашылады.