ДӘРІГЕР ПАРЫЗЫ

Басың ауырып, балтырың сыздағанда, не оқыс жағдайға тап болып, жаның мұрныңның ұшына келген сәтте бәріміздің де Құдайдан кейін дәрігерге сыйынатынымыз рас-ау. Аурухана есігін ашып, дәрігер қабылдауына келісімен кім-кімнің де жанарынан үміт оты тұтанады. Бұл – ет пен сүйектен жаралған жанның қай-қайсысының басынан өтіп жататын құбылыс. Қалай болғанда да жаныңның аман қалуына сол ақ халатты абзал жандардың себепші болып жататыны айтпаса да түсінікті емес пе?!

МАҒАН ҚИЫН ӨРТЕНУ ЖҮРЕГІҢДЕ…

Әнуар АМАНЖОЛОВ – 1997 жылы 15 мамырда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында дүниеге келген. Сол жердегі Краснояр орта жалпы білім беретін мектебінде оқыған. 2015-2019 жылдары М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті филология факультетінде білім алған. Қазіргі таңда Тайпақ мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.