ДҮНИЕ ДЕГЕН ҰШҚАН ҚҰС…
Дендердің топырағына табаны тиген адамның арнайы тәу етіп баратын орындары жеткілікті. Себебі Жайықты жағалай қонған елді мекендердің қай-қайсысында да өлке тарихының айшықты ізі қалған. Әсіресе жаны ізгі жырқұмар қауым Жарсуат ауылының маңындағы Мұрат Мөңкеұлының ақшаңқан кесенесіне соқпай өтпейді. Ал бір кезде ақынның басына мазар орнатпақ түгілі оның қайда жерленгенін білетіндердің өзі саусақпен санарлық еді.