ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ САЙЛАУ ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ МА?

Сонымен, елде тағы сайлау. Сенатты жаңартқанымыз жаңа ғана еді, енді кезек Мәжіліс пен мәслихаттарға келді. Бұл жолғы додаға дауыс беруге құқы бар барлық адам қатысады. Ал, енді Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті өкілетті органдар толық тыңнан құрыла ма, әлде кейбіреулер орнын сақтап қала ма – мұны уақыт көрсетеді. Әйтсе де, біраз өзгеріс болатыны қазір-ақ байқалуда. Сонымен …

ПРЕЗИДЕНТ КЕЛДІ, КЕМШІЛІКТІ КӨРДІ

Жалпы, облыстағы жол мәселесі кешелі-бүгін көтеріліп отырған жоқ. Бұл – ілгергі жылдардан бері айтылып келе жатқан проблема. Биыл салынған асфальттың көп ұзамай тас-талқаны шығатына да жасырын емес. Мұны тұрғындар сапасыз құрылыс салдары десе, мамандар жерасты суының тым жақындығымен түсіндіреді. Екеуіне де ден қоюға болады. Бірақ, солардан қорытынды шығаратын де кез келді. Әйтпесе, қашанғы бюджет қаражаты желге ұшады. Сайып келгенде, ол халықтың қаржысы емес пе? Демек, әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалмас па? Ал, бұлар жеткілікті. Мектептер мен балабақшалар, емханалар мен ауруханалар әлі қажет. Білім беру мен денсаулық сақтау саласы жұмысын жандандыруға қосымша қолдау үнемделген ақшадан ауыспай ма? Әйтпесе, қиыршық тас пен құмға сіңген миллиондардың, тіпті миллиардтардың сұрауы болуы керек.

Жолдаудан туған ойлар

Бұл жолғы Жолдаудың аты да заты да өзгерек . Өзгерек дейтініміз :Қазақстан қоғамында үлкен серпіліс тудырған жолдаудың бір ерекшелігі -«Кеңесіп пішкен тон келте болмас «деген халық даналығына сай алдын ала ақылдасу,пікірлесу мақсатында жұртшылыққа ұсынылуында.