Президент Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын арнады.
Жолдауда бірнеше маңызды мәселелерді шешудің тың жолдары аталып, саяси реформалар іс- жүзінде орындала беретіні айқындалды.
Республикамыздағы еңбеккерлердің әділетті түрде жағдайы жасалуы үшін барын салып жүрген Кәсіподақтар Федерациясы ұжымы үшін ең басты жағымды жаңалықтың бірі елімізде 2018 жылдан бері көтерілмеген ең төменгі жалақы мөлшерінің 2022 жылдың 1 қаңтарынан 42500 теңгеден 60000 теңгеге өсуі. Сонымен қатар, мәдениет қызметкерлері, қорықшылар, кітапханашылар, көлік жүргізушілердің жалақысы 2022-2025 жылдар аралығында 20 пайызға арттыруы.
Еліміздегі 6,5 млн жалдамалы қызметкерлердің еңбекақысының жүйелі түрде өсуі үшін бизнеске стимулдар жасалатыны да халықтың әлеуметтік жағдайының артуына жасалған өзгерістер болмақ.
Ендеше, аталған тапсырмалар мен оң шешімдерді қолдаған Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің ұжымы Президент жолдауындағы игі бастамалардың орындалуы үшін білек сыбана іске кіріспек.

Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігің баспасөз қызметі