Атырау облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Амангелді коронавирус жұқтырды.

Ол 2 мамырда Теңіз кенішінен келген. Соңғы кездері ол жерде мердігер компания жұмысшылары арасында наразылықтар болып, cол жаққа жұмыс сапарымен барған. Атырауға келгеннен кейін Берік Амангелді жүргізушімен бірге COVID-19 тестін тапсырып, нәтиже оң болып шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда ұсталған адаммен байланыста болған үш полиция қызметкерінен коронавирус анықталған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3920-ға жетті. Соның ішінде Атырау облысында 181 адам COVID-19 жұқтырса, 72 адам жазылып шыққан.