Қазақстанда тағы 51 адам коронавирус жұқтырды. «Қазақстанда 26 сəуір, сағат 10:45-тегі ахуал бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 51 адам тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында — 8, Алматы қаласында — 15, Шымкент қаласында — 1, Ақмола облысында — 1, Маңғыстау облысында — 1, Түркістан облысында — 1, Павлодар облысында — 3, Батыс Қазақстан облысында — 13, Жамбыл облысында — 1, Қызылорда облысында 7 адам бар», — делінген хабарламада.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 2652 адам анықталды. Олардың ішінде Алматы — 842, Нұр-Сұлтан — 479, Қызылорда облысы — 177, Шымкент — 162, БҚО — 116, Қарағанды облысы — 113, Атырау облысы — 108, Түркістан облысы — 108, Жамбыл облысы — 104, Павлодар облысы — 94, Ақмола облысы — 92, Алматы облысы — 86, Ақтөбе облысы — 55, Қостанай облысы — 43, СҚО — 30, Маңғыстау облысы — 27, ШҚО — 16.