Отандық сарапшылар осыған дейін қазақстандықтар коронавирус жұқтырған болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

Қазақстанда 13 сәуірде халықтан жаппай коронавирусқа сараптама алына бастады. Сараптама тапсырғандардың ішінде денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, әскерилер, полицейлер, созылмалы аурулары бар, сондай-ақ, қыста ауырып шыққандар болды.

«Ақпан-наурыз айлары арасында пневмониямен ауырған қазақстандықтар шақырылды. Қоғамда қазақстандықтар коронавирусты осы уақыта дейін-ақ жұқтырғаны туралы әңгімелер айтылды. Сол вирусты кезінде жұқтырғандардың ағзасында антиденелер қалып қойды деп айтты. Бірақ скрининг нәтижесі бізде антидене жоқ екнеін көрсетті. 17 мыңнан аса адам тексерілді, олардың 300-нде ғана антидене анықталды. Олардың көбі медициналық қызметкерлер. Себебі олар науқастармен жұмыс істейді. Сондықтан да қазақстандықтар осыдан екі-үш ай бұрын коронавирус жұқтырды деп айтуға болмайды», — деді