Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Instagram желісіндегі парақшасында 42 500 теңгеге қатысты пікір білдірді.

«Көбі бұл сомадан бас тарту керек пе, неге қатаң бақыланып жатыр сияқты сұрақтар қойып жатыр. Оларды түсінуге болады. Түсіндіріп өткім келетіні.

42 500 теңге бойынша 3,3 миллион теңгеге берілді.. Бұл 20 күн ішінде келіп түскен өтініштер бойынша. Ол ақшаны расында да төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған адамдар алуы керек:

Қазір ТЖ режимі болғандықтан біз ешқандай да құжаттар талап етпейміз (ақысыз еңбек демалысына шығу туралы бұйрық және т.б). Өтініш барынша жеңіл формада толтырылды. Біз барлығын автомат түрде тексеріп, шешім қабылдаймыз. Болды. Жалған мәліметтер бергендер жазаланады», — дейді вице-министр.

Қорытындылай келе:

1. Егер сіз төтенше жағдайға байланысты табысыңыздан айырылсаңыз және сізге төлемақы түссе, барлығы дұрыс деген сөз, ешқандай сұрақ туындамайды.

2. Егер сіз төтенше жағдайға байланысты табысыңыздан айырылмасаңыз, азаматтық жауапкершілік танытып, төлемақыдан бас тартуыңызды сұраймыз.