Бүгін Атырау облысында екі адам коронавирустан жазылып шықты.

Біріншісі — 14 жастағы қыз, екіншісі — 19 жастағы жігіт. Екеуі де 27 наурызда ауруханаға жатқызылған.

Әкімдіктің мәліметінше, енді олар 14 күн бойы медициналық қызметкерлердің бақылауымен үй карантинінде болады.

Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 897-ге жетті.