Темірбек Мұсағалиев Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметіне тағайындалды.
Бас мемлекеттік санитар дәрігер Қарағандыдағы медициналық институтта оқыған, 1985 жылдан бері Атырауда санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жұмыс істеген.
2003 жылы Атырауда Қоғамдық денсаулық сақтау департаментін басқарған. 2018 жылы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде басшы қызметін атқарған.