Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, ауру жұқтырғандардың 4 жағдайы Атырау облысында тіркелді. Оның ішінде Атырау қаласында — 3, Жылыой ауданы — 1.
Олардың барлығы вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болғаны анықталды.
Олар барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр дейді штабтағылар.
Соңғы мәлімет бойынша, Атырау облысында COVID-19 жұқтырғандардың саны 36-ға жеткен.