Б2019 жылы Қазақстанда дағдарыс болады, — дейді елімізге белгілі экстрасенс Бақыт Жұматова.
Болашаққа болжам жасаған көріпкел экономиканың құлдырауы бірінші жартыжылдықта анық байқалатынын мәлімдеді.
«Дағдарыс ақпан мен мамыр айларының арасында айқын байқалмақ. Өйткені ол уақытта доллардың бағасы күрт өседі. Біздің ел үшін биыл үлкен өзгерістер күтіледі. Сәуір айында экономикамызда көптеген реформалар жүзеге асады. Одан бөлек, елімізге Ресей мен АҚШ-тың да ықпалы арта түседі. Ал осы екі державалардың арасында 2024 жылы соғыс та болып қалуы мүмкін», – деді Б.Жұматова.
Бұл мәселеге қатысты саясаттанушы Ғазизат Имақова да пікір білдірді.
«Дағдарыс өте қатты болады. Өйткені ол осыдан 10 жыл бұрынғы дағдарыс сияқты тек қана экономикалық текетіреске, экономикалық жағдайдағы санкцияларға ғана тіреліп қоймайды. Ол саяси мәтінге тірелейін деп тұр. Саяси бәсекеге тірелейін деп жатқан экономикалық астар. Әлемдік дәрежедегі экономикалық саясаттағы өзінің ұстанымын қалай да басып, мойындатуға әкелейін деп тұрған дағдарыс. Сондықтан жағдай өте қатал болады», – деді экстрасенс.