Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаментінің негізгі міндеті – республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету.
2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық қазынашылық бөлімшелері барлығы 520 мекемеге (62 республикалық, 397 жергілікті, 47 жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме және 5 квазимемлекеттік сектор субъектісіне, 9 – TNK, 25 мемлекеттік сатып алу субъектісіне) қазынашылық қызмет көрсетті.
Жалпы, облыс бойынша қабылданған 488906 қаржылық құжаттың 468 499-ы орындалып, 20 407-сі немесе 4,1 пайызы орындаусыз қайтарылған. (2023 жылы – 4,2%). Сонымен бірге 2024 жылы бюджетке 3 рет нақтылау, 14 рет түзету, қалалық бюджетке 3 рет нақтылау, 7 рет түзету енгізілді.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ішінде Департамент пен аудандық/қалалық басқармаларының ұйымдастыруымен бюджеттік заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты мекемелермен түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша, соның ішінде мемлекеттік мекемелер ұсынылған қаржылық құжаттардың қайтарылу мониторингі, т.б. мәселелер бойынша 26 семинар-кеңес өткізілді.
Облыс бойынша 19 мемлекеттік мекемеге – код беріліп, 24 мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің коды жабылды, 7 мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атауы өзгертіліп, 4 өтінім қайтарылды. Мемлекеттік мекемелерге/квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 18 шот ашылып, 51 шот жабылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №641 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жобалау-сметалық құжаттаманың сметалық құны БІР МИЛЛИАРД теңгеден асатын құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларға шарттарын міндетті түрде қазынашылық органдарында тіркеу туралы норма қолданысқа енгізіліп, қазынашылық қолдау жүргізіледі.
271 мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және қазынашылық қолдау аясында бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге аударылатын ақшаларды есептеу және жұмсауға байланысты шоттар электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісімдер және қосымша келісімдер жасалды.
Сондай-ақ, «Банктердің, банк қызметтерінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық идентификаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы №56 қаулысына сәйкес, 2025 жылдың 2-жартыжылдығынан бастап, білім беру саласындағы бюджет қаражатын жоспарлау және игеру үдерістеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған тетіктерді әзірлеу бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралары (Жол картасы) жоспарының 12 тармағын орындау мақсатында, қазынашылықтың ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру технологиясын енгізу жоспарланып отыр.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қазынашылықтың ақпараттық жүйелерінде қызмет көрсетілетін барлық ұйымдар өздерінің пайдаланушыларын биометриялық сәйкестендіру құралдарымен, яғни вебкамералармен 100 % қамтамасыз етуі қажет.
Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан барлығы 249 өтініш түсіп, уақытылы жауап қаралды.
Алдағы уақытта да қазынашылық департаменті өзінің функцияларына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қаржы тәртібін сақтауын және мемлекеттен бөлінген қаражаттардың дұрыс жұмсалуын қадағалай береді.
Ж.ШАЛТЕКОВА,
Маңғыстау облысы бойынша
қазынашылық департаменті
басшысының орынбасары