2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «оралман» термині ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды. Бұл мәртебені ХҚО арқылы да алуға болады. ⠀

Ол үшін сізде келесі құжаттар болуы керек:⠀

  • толтырылған өтініш (үлгісін Egov-тан жүктеуге болады)⠀
  • еркін түрде жазылған өмірбаян⠀
  • сіздің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмелері ⠀
  • жергілікті атқарушы органның мәртебе беруге келісімі⠀
  • Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі фотосуреті ⠀

    Егер барлық құжат дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күні ішінде беріледі. Мәртебенің жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды, содан кейін оны ұзартуға немесе ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруға болады. Толық ақпарат алу үшін 1414 call-орталығына хабарласуға болады.⠀

    Қандастар – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдегі тұрақты жерінен елімізге оралған этникалық қазақтар. Қазақстанға келгеннен кейін оларға «Қандас» мәртебесін алу қажет.⠀