Биыл 1 наурыз бен 30 сәуір аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» кадр резервіне өтініштер қабылданған болатын. Жобаға барлығы 1 873 адам қатысты. Қатысушылар саны жағынан Ақтөбе облысы алдыңғы қатарында тұр.
Жобаның басты мақсаты — перспективалы қызметкерлерді табу, олардың құзыреттерін дамыту және алдағы уақытта бос басшылық лауазымдарға ұсыну.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резерві — филиал қызметкерлерінің жас ерекшеліктеріне қарамай, жұмысқа деген ынтасы мен қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін жоба. Қазіргі уақытта резервке қабылданған жұмыскерлердің Мемлекеттік корпорацияның бос лауазымдарына ауыстыруды қарастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының HR және СМЖ дамыту басқармасының басшысы – Ә.Пұсырманов.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының деректеріне сүйенсек, жобаның қорытынды кезеңінде «Дарындылар пулына» 353 адам қабылданған. Оның ішінде 30-ы — мемлекеттік корпорацияның Ақтөбе облысы бойынша филиалының қызметкерлері. Бұл — республика бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.
Алдағы уақытта жоғары әкімшілік лауазымдарға лайықты бос орындар болған кезде осы кадр резервіндегі кандидатуралар қаралады. «Таланттар пулына» тіркелген қатысушылардың толық тізімін talent.gov4c.kz веб-сайтынан көруге болады.