Бүгін, 26 мамырда мамандандырылған ХҚО-ларда тәулік бойы автоқызметтер қолжетімсіз болуы мүмкін.

  • ҚР ІІМ ӘПК базаларындағы ақауға байланысты мамандандырылған ХҚО-да уақытша автоқызметтер көрсетілмейді. Біздің мамандар жауапты мемлекеттік органмен бірлесіп, туындаған техникалық ақауларды жоюда. Жұмысты қайта бастау туралы қосымша хабарлаймыз, — деді мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалының директоры Дәрімбет Баймбетов.
    Кеше Қазақстандағы мамандандырылған ХҚО-лар ішкі істер министрлігі жүйесіндегі іркіліске байланысты жұмысын тоқтатқан болатын.