Атырауда жылына кемінде бес рет Каспий теңізі маңындағы қамыс өртенеді. Әр өрт сайын ауаға мыңдаған тонна CO2 (көмірқышқыл газы) бөлінеді. АМӨЗ бөлетін газдардан бөлек.

Осы газдар екінші суретте көрсетілген эффектіге соқтырады. Атырауда жаз айлары неге күн қатты ысып кетеді, қысымыз неге кәдімгі қыс сияқты өтпейді деген сұрақтың жауабы осы.

Негізі қамыс өңдеу технологиясы бойынша оны күз айларында шауып алу керек. Түбінде тек 15-20 см қалдырады. Сонда түбіндегі әртүрлі жәндіктердің дернәсілдері көктемде соның бойымен өсіп жетіле береді. Жап жасыл боп өскен қамыста өрт те болмайды. Сол өрт болған сайын қалаға масалар қашады. Үйлердің жертөлелерін паналайды. Сөйтіп сол жерде көбейіп, халықтың қанын ішеді. Улауға ақша бөлініп, қазынаның қаржысын ішеді.

Осы айтылған нәрсені әкімшілік пен аймақтағы экологияға жауапты меммекемелер бұрыннан қарастырып, шешіп тастауына болар еді. Атырыудың масалары мен қайнаған климаты өңіріміздің символона айналмауы керек. Қала тұрғындары осы себептерден Атыраудан көшіп кетуде. Қауіпті аймақта кім тұрғысы келеді?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *