(Фотодағы жиында айтылған ойлар)

Көбі «Ресей Федерациясы су жібермей отыр» деп жауап береді. Жоқ! Ресей мөлшерімен керек суды жіберіп отыр. Әңгіменің төркіні біз жақта жатыр ғой. Қашаған мұнай-газ кен орнында суды аста-төк қолданады. Ілеспе газдар тудыратын қиындықтарда есепсіз мөлшерде су пайдаланылады. Жақында кешенді газ дайындау қондырғысын, яғни сол ілеспе газдарды өңдейтін зауыт салынады дейді. Одан кейін суды пайдалану артпаса кемімейтін сияқты.

Каспийдің суы осылайша азайып жатыр. Сәйкесінше, теңізге құятын өзендердің де жағдайы нашарлауда. Жем өзені құрып бітуге жақын. Жайықтың жағдайын күнделікті көзбен көріп жүрсіздер. Жемнің кебін кимесіне кім кепіл?

Алллл, керек болса! Каспий мен оған құятын өзендердің экологиялық мәселелеріне NCOC «крайный» болып шықты. Бұлардың сол суды пайдалануына рұқсат беріп, экологияға тигізген зардабына көз жұмып отырған кімдер екен?

Есенбай Ізбасаров

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *