Полиция қызметкерлерімен облыс аумағында рейдтік іс-шаралар барысында қазақстандық заңнаманы бұзғаны үшін 2000-ға жуық шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.- Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1986 шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 184 –і елден шығарылды, — деп атап өтті Атырау облысы Полиция Департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев. -Шетел азаматтарына қатысты 49 қылмыс тіркеліп, 43 шетелдік тарапынан қылмыс жасалған. Оның көпшілігі Өзбекстан Республикасының азаматтары тарапынан орын алған.Жыл басынан облыс аумағына қоныс аударған шетелдіктер саны өткен жылмен салыстырғанда 77% — ға азайды.Жалпы түрлі әкімшілік құқық бұзған шетелдіктерден 5,1 млн. теңге өндірілді.Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікке қазақстандық 10 жұмыс беруші тартылды.Атырау полицейлерімен шетелдіктерге патенттер беру, яғни, жеке тұлғаларға жұмыс істеуге рұқсат беру арқылы заңдастыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.Жыл басынан полиция қызметкерлері тек Атырау қаласында 50 мың шетелдікке жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған патенттер рәсімдеген. Олардың басым бөлігі Өзбекстан елінің азаматтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *