Атырау облысы Құрманғазы ауданында 16 мамыр күні қатты жел болып, жаңбыр жауды.

ҚР ІІМ ТЖК деректеріне сәйкес, секундына 9 метрге дейін жүйткіген желдің салдарынан үш ғимараттың шатыры ұшқан.

Құрманғазы ауданында солтүстік-батыстан соққан жаңбырлы желдің салдарынан аудан орталығында орналасқан Әуезов атындағы орта мектептің шатыры  қирады.

Сафон ауылындағы Энгельс атындағы орта мектептің де шатыры ұшқан. Шатырдың жалпы көлемі 1,3 мың шаршы метрді құраса, соның 150 шаршы метрі бұзылған. Сондай-ақ гараж бен қойманың шатыры қираған.

Бұдан бөлек Байда ауылында шекара заставасының территориясында жел қазандықтың (70 шаршы метр) және питомниктің шатыры (48 шаршы метр) — жалпы ауданы 118 шаршы метрі қиратты. 

Ешкім зардап шекпеді.