Атырау облысындағы Теңіз кен орнында бірден 90 жұмысшыдан коронавирус анықталған.

Штаб мәліметінше, 90 науқас — Теңіз кен орнындағы мердігер ұйымда жұмыс істейді. 83 ер адам мен 7 әйел адам.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болғандардың барлығы анықталып, медициналық бақылауға алынды. Коронавирус ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр.

Осылайша, 13 мамырдағы жағдай бойынша, Атырау облысында COVID-19 жұқтырғандардың саны 432-ге жетті, олардың 359-і — Теңіз кен орнының жұмысшылары.