Қазаққа ешкім жер сыйлаған емес!
Ресей мемлекеттік думасының депутаттары Вячеслав Никонов пен Евгений Федоровтың «Ресейдің Қазақстанға жер сыйлағаны» туралы сандырақтары қазақстандықтарды, оның ішінде қазақтарды бейжай қалдырмады. Оған жауап ретінде қазақ жастары Петропавл мен Павлодардың атауын өзгерту туралы бастама көтеруде. Осы орайда, аталмыш мәселе бойынша белгілі қоғам қайраткері, сарапшы Дос Көшімнің пікірін білуді жөн көрдік.