Мүмкін шығар қайта өмірге келуім…

Нұртілеу ҚАДЫРҚҰЛ – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мәстексай ауылында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Филология» факультетінің 3 курс студенті. Республикалық VІІ «Мен жастарға сенемін!» жастар форумы «Поэзия» аталымының Гран-При, «Дүниеге келер әлі талай Қасым…» атты Республикалық мүйшәрада Сырбай Мәуленов атындағы арнайы жүлде иегері.

Сағынышым – қарашаның құрбаны

Жанерке Мерекеқызы Ғинаят 1996 жылы 24 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың филология факультетінің түлегі. Қазіргі таңда «Жайық Пресс» медиахолдингінің әкімшілік бөлімінде корректор қызметін атқаруда.

Бір аспан жыламасын екеумізде.

Шəукенова Ұлмекен Дүйсембайқызы 1993 жылы 20 қаңтарда Махамбет ауданы Таңдай селосында дүниеге келген. Республикалық «Жауқазын жылда гүлдейді» мүшайрасынан III орын алып, жинаққа топтама өлеңдері енсе; республикалық Жұмекен Нəжімеденовке арналған мүшайрада жүлделі орын, облыстық «Алаш арыстары» байқауында бас жүлдеге ие болған. Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлықтың иегері. «Көзімдегі көктем» кітабының авторы.

Сөнді тағы сезімсіз от-жүрегім…

Дәурен Тілеухан — Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Көрпе ауылында дүниеге келген. “Сағыныш сыбыры” кітабының авторы. Халықаралық «Алтын қалам» байқауының «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯ» аталымының жеңімпазы.Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ-нің студенті.