Қарттар үйі: Әрқилы тағдырлар

«Қариясы бар елдің қазынасы бар» десек, аузы дуалы, ұрпағына өз тәлім-тәрбиесін көрсетіп, келешекке бағыт-бағдар беріп, жақсылыққа шақырып, жамандықтан қашыратын, бар өмірлік тәжірибесін сіңіріп отыратын ата-әжелер — асыл мұрамыз екені хақ. Үйімізде, бір шаңырақ астында, жанымызда жүрген, бізге бәйтеректей қорған болып отырған үлкендеріміздің жөні бөлек, десе де қартайған өз әке-шешесін баға алмай арнайы мекемелерге өткізіп, жанарларын мұңға шалып қоятындар да бар. Кейде тағдыр тәлкегімен қараусыз қалып, жанашыры табылмай жалғызбасты болған қарияларымыз арнайы мекемелердің тұрғындарына айналады. Жасы ұлғай­ған шақта төрт қабырғаға қама­лып, бұлыңғыр терезеге үмітсіз телмі­ріп, жалғыздықтан жапа шегіп отырғанша, қатарластарымен бірге тұрып, сырласып, шер тартқаны абзал-ақ.