Махамбет жыр құдірет

Былтырғы тарланбоз шайыр Мұхтар Шахановты қарсы алған самал ескен қоңыр күзден соң, тағы да Қаройға барудың сәті түскені.
Жолбасшымыз-Индер ауданының құрметті азаматы-Молдабай Берғалиев аға.
Бұл Қарой-қазақтың маңдайына біткен Ғабит Мүсірепов,Тайыр Жароков,Қажым Жұмалиев,Мұхамеджан Қаратаев,Әбіш Кекілбаев,Фариза Оңғарсынова,Нұрғиса Тілендиев секілді талай-талай марғасқа асыл ұл –қыздарының табаны тиген жер.

Капитан Көпбаев

Осы қыста көрші Махамбет ауданынан соғыс және еңбек ардагері, партия және кеңес жұмыстарының қайраткері, КСРО Журналистер одағының мүшесі, танымал журналист, редакторымыз Ізтілеу Көпбаевқа «Ауданның Құрметті азаматы» атағы берілді деген жақсы хабар келіп жетті.