ҚАР ҚҰРСАУЫНДАҒЫ ҚАЛА Атырауға ақырған аяз әдетте ақпанда келеді. Қалың қар да осы уақытта жауады. Желтоқсан жеңіл желімен жүреді. Қаңтар қаңтарулы күй кешеді. Ал, қыстың соңғы айы қоштасуға қимағандай бар қаһарын төгеді. Биыл да солай болды.