СӨЗІ ЖОҒАЛҒАН ЕЛДІҢ ӨЗІ ДЕ ЖОҒАЛАДЫ
Бұрнағы жылы қалада бір таныс досымның үйінде отырғанда бір жасы он-он екіге келген қыз баланың орысша сайрап отырғанын көріп, таңғалғаным бар еді. Ата-анасына балаңыз «өзге тілде сөйлеуге шебер екен » деп едім, әлгі досым соны күтіп тұрғандай, «көрдің бе, біздің қызды» дегендей мақтана жөнелді. Мен не дейін, үнсіз қалдым. Мұны неге айтып отырмын. Шынын айтсақ, соңғы жылдары елімізде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай өзге тілде шүлдірлейтін балаларымыз қаптап кетті. Әрине, сіздің көкейіңізде «неге орысша сөйлейді?» деген заңды сұрақ тұрғаны сөзсіз.