МҮДДЕ – ОРТАҚ, МАҚСАТ – АЙҚЫН
Осыдан он төрт ай бұрын 2021 жылдың қарашасында Өзбекстан астанасы – Ташкентте Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесі (ОАЕКК) құрылған болатын. Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан ұлттық кәсіподақ орталықтарының бірлескен бастамасымен құрылған осынау кеңестің мақсаты – еңбеккерлердің әлеуметтік-еңбек, кәсіптік, экономикалық және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ, кәсіподақтардың құқықтары мен кепілдіктерін қорғау бойынша Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесі мүшелерінің іс-әрекеттерін біріктіру болатын.