БАУ-БАҚША ӨНІМДЕРІ НЕГЕ ҚЫМБАТ оның себебі не, салдары қандай?
Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселені өзінше түсіндіріпті. Мұндағылардың айтуларына қарағанда, бұған республиканың басым бөлігінде ауа райының қаталдығы кінәлі көрінеді. Мәселен, табиғаты жайлы экзотикалық елдермен салыстырғанда бізде көкөніс өсіруге көп шығын шығатын секілді. Әйтсе де, өзімізде бау-бақша өнімі жетіспеушілігінің, оның құны қымбаттығының басты себебі осы ғана ма? Бұл ретте қолда барды ұқсата алмай да жүрген жоқпыз ба?