Билік қаңтар оқиғасының ақиқатын аша ма?
«Қаралы қаңтар», «қанды қаңтар» һәм «қаңтар қырғыны» сынды қасіретті сөздерді жанына жұптастырған қаңтар оқиғасының өткеніне бір ай уақыт өтті. Әу баста «сеніміне селкеу түсірмес биліктен» «ақырып теңдік сұраған» қарапайым қазақстандықтардың айтпағы да, тілері де бір еді. Жаңаөзендік ағайынның айқын талаппен бастап берген бейбіт шеруі Оңтүстік, Солтүстік, Батыс пен Шығыстағы жұртшылықты бей жай қалдырмай, іштегі әділдік пен адалдыққа аңсары ауғаны, азық-түлік бағасының шарықтап өскені, жалақының жағдайы жақсармай тұрғаны, 30 жыл бойы кеуде ішіне жиналған зарлы запыраны қосылып, барлығын ақтарар сәт туғандай ел тұрғындары бір ауыздан жанайқайын сыртқа шығарды.