Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды», — делінген Жарлықта.

Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болып 2019 жылдың 20 наурызда сайланған еді. 

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. 1980-1983 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды. 1983-1985 жылдары С.М.Кирова ҚазМУ тарих факультетінің студенті. 1985-1987 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағлымдамадан өтуші-зерттеушісі. 1987-1990 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ аспиранты болған.

2015 жылғы 11 қыркүйек — 2016 жылғы 13 қыркүйек аралығында — Қазақстан Республикасы премьер — Министрінің орынбасары қызметінде болған. Ал 2016 жылғы 13 қыркүйек — 2019 жылғы 20 наурыз аралығында — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы болды. 

2019 жылғы 20 наурыздан бастап-Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. 2019 жылғы 2 қыркүйектен бастап — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып қайта сайланған.