Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады.
Құрметті отандастар, баршаңызды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бүгінгі мереке біздің ең асыл құндылығымыз — береке-бірлігіміздің символы. Көпұлтты қоғамның ынтымағының арқасында Қазақстан өзінің ықылым заманғы тарихында талай қиыншылықты еңсеріп, кемел келешегіне нық қадам басып келеді.
⠀
Халқымыздың ауызбіршілігі қазіргідей күрделі кезеңдегі сынақтан да сүрінбей өтіп, біздің ортақ шаңырағымыз — Қазақстан Республикасының даму жолын жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Қазақстандықтарға, әрбір отбасына зор денсаулық, өзара сыйластық, бейбіт өмір мен игілік тілеймін!», — деп жазды премьер-министр.