«Бүгінде Теңіз кен орнында науқастардың саны 71-ге жетті, 12 қызметкер жазылып шықты. Науқастармен байланыста болған 1,5 мыңнан аса адам анықталды», — делінген Жедел штабтың хабарламасында.
Еске салайық, 16 сәуірде Теңіз кен орнында жұмысшылардан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.
Бүгінде кен орнынан 10 мыңнан аса жұмысшы жеткізілді. Олардың 4 мыңы ұшақпен, шамамен 3 мыңы пойызбен және тағы 3 мыңнан аса адам автобуспен жеткізілді.
Жұмысшылардың барлығын 5 мамырға дейін жеткізу жоспарланып отыр екен.