Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай режимі кезінде табысынан айырылған қазақстандықтарға әлеуметтік төлем беру ережелерін өзгерту туралы қаулыға қол қойды.

Енді 16 сәуірден бастап әлеуметтік төлем мына санаттағы қазақстандықтарға беріледі:

— жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында жүрген жеке кәсіпкерлерге және орта, шағын кәсіпкерлікпен айналысатындарға;

— жұмысы карантин енгізілген аумақтарда жүргізілетін және жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілеріне;

— Салық кодексінің 774-бабы бойынша БЖТ аударған салық төлеуші жеке тұлғалар;

— Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтар.

— коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері (мемлекеттік мекемелерден басқа).