Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 8 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 3, Қарағанды облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Ақмола облысында – 1, Қызылорда облысында – 2.
«Қазақстандағы 2020 жылғы 15 сəуір сағат 12:30-дағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 294 адам, Алматы қаласында – 370 адам, Қарағанды облысында — 81 адам, Ақмола облысында — 80 адам, Атырау облысында — 70 адам, Жамбыл облысында — 49 адам, Шымкент қаласында — 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 8 адам, Алматы облысында — 24 адам, Ақтөбе облысында — 13 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 26 адам, Павлодар облысында — 11 адам, Маңғыстау облысында — 11 адам, Қызылорда облысында — 126 адам, Батыс Қазақстан облысында — 18 адам, Түркістан облысында — 49 адам, Қостанай облысында — 5 адам, жалпы 1275 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.