Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы қандай жағдайларда 42 500 теңге төлемнің қандай жағдайларда тағайындалмайтынын айтты.
Штаб мәліметінше, 42 500 теңге төлемнің тағайындалмау себептері мынадай:
- өтінімдердің қайталануы — 1 042 842 өтініш қайталанған;
- тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері); зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылар (ТЖ енгізілгенге дейін ресми жұмыс істемегендер) — 521 365;
- өтінім беруші бойынша ТЖ енгізілгенге дейін соңғы 12 айда МӘУ/БТЖ/МЗЖ немесе өтінім берген уақытқа дейін БТЖ табылмады (бейресми өзін жұмыспен қамтушылар тұрғысынан) — 1 053 383;
- жұмыс берушінің БСН/ЖСН дерегі, өтінім берушінің ЖСН дерегі көрсетілмеген немесе бұрыс көрсетілген — 63 222;
- өтінім Қазақстан аумағынан тыс жерде тұратын немесе марқұм болып кеткен адамның атынан берілген — 378.
«Осылайша ТЖ кезінде табысынан айырылу бойынша МӘСҚ тарапынан әлеуметтік төлем тағайындау Ережесіне қатысты қателер мен сәйкессіздіктер жіберілген 2 681 190 өтінім анықталды», — делінген штабтың хабарламасында.