Телеарна мәліметінше, 11 сәуірде КТК телеарнасының Атырау облысындағы тілшілердің түсірілім тобы жергілікті облыстық ауруханадағы жағдай туралы репортажға шыққан.
Дәрігерлер мен медбикелердің айтуынша, оларды Махамбет ауданындағы бұрынғы туберкулезге қарсы диспансердің ғимаратына карантинге жібермекші. Дәрігерлер жиналған сұрақтар мен мәселелерді республикалық телеарна эфирінде айтпақ болған, өйткені олар өз басшылығынан нақты жауап ала алмаған. Оқиға орнына барған КТК-ның меншікті тілшісі Бекен Әлирахымов пен телеоператор Манас Шәріпов аурухананың ауласына кедергісіз кіріп, онда бір топ медицина қызметкерлері жиналған.
Медициналық мекеменің аумағына өтуге ішкі істер органдарының қызметкерлері кедергі келтірмеген. Бұдан басқа, аурухана ауласының жабық карантин аймағы екенін куәландыратын қандай да бір қоршаулар мен ескерту белгілері болған жоқ дейді телеарнадағылар.
«Дәрігерлермен сұхбат жазылғаннан кейін оқиға орнына тағы бір полиция наряды келді. Дәрігерлер мен медбикелерді байқаған әріптестерінен айырмашылығы, келген учаскелік инспекторлар журналистермен тоғысты. Олар КТК қызметкерлері карантиндік аймаққа заңсыз кіріп, түсініктеме беру үшін полиция департаментіне баруы тиіс деп мәлімдеген. КТК қызметкерлері полицейлердің талаптарын мүлтіксіз орындады. Дәрігерлер мен медбикелер бұл ретте ашуланып, полиция қызметкерлерінен түсініктеме талап етті», — делінген мәлімдемеде.
Кейін Атырау облысындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб БАҚ-қа хабарлама таратты, онда «БАҚ өкілдері карантиндік аймаққа заңсыз басып кірген…», «журналист пен телеоператорға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша «Төтенше жағдайлар режимін бұзу»әкімшілік хаттама толтырылғаны айтылды.
«1.Неге Облыстық аурухананың дәрігерлері мен медбикелерінде карантинге көшіру туралы барлық қажетті ақпарат болмады? Неліктен түсініктемені талап етуде аурухананың ауласына жиналып, Республикалық БАҚ қызметкерлерін мәселеге тартуға мәжбүр болды? 2. Неге облыстық аурухана аумағында тыйым салынған карантиндік аймаққа кіруді шектеу бойынша тиісті шаралар қабылданбаған және бұл аймақ нақты қайда анықталған? 3. Облыстық аурухананың басшылығы өз қызметкерлерімен, ең болмағанда, дәрігерлер мен мейірбикелермен карантинге оқшаулау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді ме? 4. КТК қызметкерлерін ұстаған және олар туралы хаттама толтырған ДП қызметкерлері карантинге жіберілді. Оқиға орнында болған және не болып жатқанын бақылаған ішкі істер органдарының басқа қызметкерлерінің оқшаулануы туралы орынды сұрақ туындайды. Бұл шара оларға да қатысты ма?(…)», — дейді телеарнадағылар.
Айта кетерлік жайт, КТК журналистерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін барлық қажетті құжаттары болған: журналистік куәліктер, жұмыс орнынан анықтамалар және ТЖ режимі кезеңінде редакциялық тапсырмалар.
«КТК телеарнасының редакциясы біздің дәрігерлерге үлкен ризашылығын білдіруде, бұл күндері өмір сүру үшін шынайы қауіп-қатерге қарамастан, ұстамдылық пен кәсіпқойлық үлгісін көрсетеді. Өз кезегінде біз, БАҚ қызметкерлері ретінде дәрігерлер мен басқа да медициналық қызметкерлерінің, сондай-ақ алдыңғы қатарлы қызметтегілрдің барлық мәселелерді толық көлемде жариялау өзіміздің кәсіби борышымыз деп есептейміз.Атырау медициналық мекемелерінде Төтенше жағдай кезінде орын алған жағдайдың толық көрінісі үшін 11 сәуір күні облыстық аурухананың ауласында куәгерлер түсірген бейнелерге, сондай-ақ осы оқиға туралы әріптестеріміздің ақпараттық материалдарына сілтеме берген жөн деп санаймыз», — деп мәлімдеме жасады журналистер.