Министрлік мәліметінше, бастапқыда бұл өтінімдерді қарап, деректерді тексеру мерзімі 7 жұмыс күні деп белгіленген еді. 

Дегенмен біраз қазақстандық аталған қызметке бірнеше рет жүгінгенді жөн көретіні байқалды. Мәселен 8 сәуір түнгі 11-дегі жағдай бойынша 3,1 миллион хабарламаның 1,3-і қайталанатын болып шықты. Барлық өтінім саналуан деректер қорында мұқият сүзгіден өтеді. Оның ішінде адамның аты-жөні, ЖСН мен банк шотының нөмірі, жұмысына қатысты мағлұматтар айрықша екшеледі», — дейді министрліктегілер.

Оларды тауып, қайталанатындарын алып тастау үшін 3,1 миллион өтініштің әрқайсын жан-жақты қаралау қажет дейді олар.

«Осылайша өтінімді қарау аралығы созылып кетуі ықтимал. Сондықтан, азаматтардан, 3 жұмыс күнінен соң төлемді тағайындау туралы хабарлама алмасаңыздар да алаңдамауларыңызды сұраймыз. Әр өтініш бойынша ақпарат тексерілгеннен кейін міндетті түрде өтінім жолдаушыға қабылданған шешім жайы жеткізіледі», — деді министрлік өкілдері.