11-14 қазан күндері Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филиппті әуежайдың арнайы залында қарсы алып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы Король мен Патшайымның Қазақстанға сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын одан әрі дамыту тұрғысынан тарихи мәнге ие екенін атап өтті.
–Ұшақ трапынан қазақ жеріне қадам басқан сәттен бастап көрсетілген сый-құрмет үшін Сізге алғыс айтамын. Үш күндік сапармен келгенімізге қуаныштымыз әрі еліңізбен жақынырақ танысамыз деп сенемін, — деді Король Филипп.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп пен Матильда патшайымды қарсы алды.
Жоғары мәртебелі меймандардың сапарына орай Ақордаданың салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылы сап түзеді.
Президенттік оркестр Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Сапар бағдарламасы төрт негізгі бағытты қамтыды. Олар – аса маңызды пайдалы қазбалар, жасанды интеллект, денсаулық сақтау, сондай-ақ тарих пен мәдениет.
Бельгиядан Қазақстанға 110 адамнан тұратын бар. Делегация құрамының ауқымды болуы Бельгия тарапының бұл сапарға жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетті.
Еуропалық монархтар Астана мен Алматыдағы мәдениет және ғылым нысандарын аралап, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа арналған кездесулерге қатысты. Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылды.
KAZINFORM
