Жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті қабылдау, тасымалдау, сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету субьектілеріне беру және жою (пайдалану) қалай іске асады?
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналған мүлікті есепке алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген қағидалар негізінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган Есепке алу қағидаларында айқындалған тәртіппен мүлікті есепке қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүлік жөніндегі деректерді тізімге енгізуді қамтиды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы 227-қағидаға сәйкес, мүлік сауда-саттыққа қойылады.
№ 227-қағиданың 35 және 36-тармақтарына сәйкес аукцион екі әдіспен:
1) бағаны көтеру;
2) бағаны төмендету арқылы өткізіледі.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы мүліктің алғашқы бағасына тең болады.
Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке (үшке) тең арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Сауда-саттық әдістері айқындалады, өткізу мерзімі белгіленеді, өткізу туралы хабарлама жарияланады, кепілдік жарналар қабылданады, қатысушыларды тіркеу жүргізіледі, сатып алу-сату шарты жасақталады.
Жою рәсімінде мүліктің әрбір түрінің атауын, санын (салмағын), орны мен басқа да параметрлерін нақтылаумен уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуы кезінде фототүсірілім және бейнежазба қолданыла отырып тіркеледі.
Нормативтiк құжаттардағы сапасы мен қауiпсiздiгi талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзаты, тамақ өнiмдерi, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, шығарған елі белгісіз алкоголь өнімдері, акциздiк таңбаларсыз өткізілетін темекi бұйымдары және шығарылған елi белгісіз, құрамында темекi бар басқа да бұйымдар комиссия шешімінің негізінде жойылады.
У.БАЙТОБЕТОВА,
Жекелеген негіздер бойынша
түскен мүлікпен жұмыс
бөлімінің басшысы