Еліміздің мұнайлы астанасы Атырау өңірінде тағы бір үлкен спорттық мерекенің жалауы көтерілді. Бұл жолы  ардагерлер арасындағы Халықаралық волейбол турнирі   Қазақ ССР  компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болған    аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,  үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевты еске алуға  арналды.

Үш күн  бойы  Өзбекстан Республикасының, еліміздің Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы, Шымкент, Ақтау, Астана және  Атырау қалаларының   ардагерлері   командалары   бағалы  жүлделерді сарапка  салды.

Ардаргерлер жастарға нағыз үлгі боларлықтай ойын өрнегін көрсетті. Халық жазушысы, мемлекет және қоғам  қайраткері Олжас Сүлейменов 83 жасқа келсе де волейболды керемет ойнайтынын көрсете алды. Ағамыз бастаған «Казнау Буревестник» құрама командасы жарыс жеңімпазы атанды.

                                                                      С.АЛПАТАНОВ,

                                                    Ардагер   спортшы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *