Орал қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sakhara.kz
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде ҚР ҚК 366-бабына (пара алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«ҚР Ішкі істер министрлігі лауазымы мен атағына қарамастан, полицейлер жол берген парақорлық және азаматтардың құқығын бұзу фактілерінің бұдан былай да қатаң түрде жолын кесетін болады. Олардың мұндай әрекеті Қазақстан халқына адал қызмет етуі тиіс полицейлердің абыройына. нұқсан келтіреді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», деп хабарлады ведомстводан.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/oral-kalasy-policiya-baskarmasy-bastygynyn-orynbasary-para-aldy-degen-kudikpen-ustaldy_a3895506