Автокөлігіңіздің мемлекеттік нөмірін жоғалтып алсаңыз автоХҚО-ға өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен көліктің техпаспортын ала барып, өтініш жазыңыз.
Жоғалған нөмірді қалпына келтіру қызметінің бағасы 1,4 АЕК, ал екі данасы үшін 2,8 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлейсіз.
Маңызды! Егер сіздің жоғалған нөміріңіз ескі үлгіде болса, оның орнына бірден жаңа үлгідегі нөмір беріледі. Ескісі есептен шығарылып, техпаспорт ауыстырылады.
Бұл жағдайда техпаспорт үшін қосымша 1,25 АЕК төлеу қажет болады.
Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 5 жұмыс күн, ал басқа облыстар мен Шымкент қаласында — 15 жұмыс күні ішінде алуға болады
Естеріңізге сала кетейік, жүргізушілер қосымша ақыға «әдемі» нөмірлерге тапсырыс беріп, үйге жеткізу қызметін пайдалана алады.