Қазір қалтаңызда пәтер мен көліктің кілтін ғана емес, ЭЦҚ кілтіңізді де алып жүруге болады. Ол үшін оны смартфоныңызға жүктеп алсаңыз жеткілікті.
Егер сіздің телефоныңыз Android платформасында болса, ЭЦҚ-ны ұялы телефонға USB кабелін пайдалана отырып, қарапайым файл ретінде жүктеуге болады. Смартфонды USB-кабель арқылы компьютерге қосыңызда, «Менің компьютерім» бөліміне кіріп, ЭЦҚ-ны (AUTH, RSA-…p12 файлдары) смартфонның жад картасына көшіріп алыңыз.
Егер сіздің телефоныңыз iOS операциялық жүйесінде болса, сертификатты жүктеу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
- iTunes бағдарламасын компьютерге орнатыңыз;
- Смартфонды компьютерге USB кабелі арқылы қосыңыз;
- iTunes-ке өтіп, құрылғы батырмасын басып, «Ортақ файлдарға» өтіңіз;
3.Сол жақтағы тізімнен eGov mobile бағдарламасын таңдаңыз; - «Қосу» батырмасын басыңыз, көшіргіңіз келетін ЭЦҚ файлдарын таңдаңыз және тағы да «Қосу» батырмасын басыңыз.
Міне, енді сіздің ЭЦҚ-ңыз әрдайым өзіңізбен бірге болады. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдеп, қауіпсіздігіңізді арттырады.
Ескертеміз, egov mobile-дан жүктелген ЭЦҚ тек қосымшада ғана жарамды. Егер сіз оны компьютерден жүктеген болсаңыз, оны барлық жерде қолдана аласыз.