Қазақ тарихнамасына байланысты екіұшты шалағай ойлар,солқылдақ пікірлерді оқып,қайсы пікірге сенерімізді білмей ,дал болатын кездеріміз бар.Мәселен ,көрнекті тарихшы ғалым Берекет Кәрібаев «Көк Орданың «Ақ Ордаға айналуы «мақаласында («Егемен Қазақстан») . 23.10.1988 ж.) былай деп жазады.»Дешті Қыпшақта Жошының үш ұлы :Орда Ежен ,Бату ,Шайбан билік еткен.Батудың ұлысы Дештінің батысында ;ағасы Орда Ежен шығыста ;Жошының бесінші ұлы Шайбан екі ағасының ортасындағы иеліктерге билік жүргізеді.Дешті Қыпшақта ұлыстардың құрылуы 1225 ж.кейін ,яғни ,Жошы ханның өлімінен кейін жүзеге асады…»десе ,белгілі жазушы -тарихшы Қойшығара Салғараұлы мынадай ой өрбітеді.»Жошының көзі тірісінде үлкен екі баласына Орда Ежен мен Батуға өзі енші бергенін және одан кейін көп ұзамай Шайбанның енші алғанын ;сөйтіп Бату Алтын Орда мемлекетін құрғанға дейін үш ұлыстың :Орда Ежен ұлысының ,Бату ұлысының және Шайбан ұлысының қатар өмір сүргенін анық аңғаруға болады…
Сонау Жошының заманында-ақ оның иелігінің үшке бөлінгенін және олардың «Бас Орда»,»Ақ Орда «,»Көк Орда» деп аталғанын көреміз.Бас Ордада -Жошының өзі,Ақ ОрдаОрдада — Жошының өзі , Ақ Ордада- Бату, Көк Ордада -Орда Ежен билік құрған.Жошы өліп,оның орнын Бату басқан кезде ,Ақ Орда мен Бас Орда бірігіп ,кейін ол Алтын Орда деген ортақ атқа ие болды.Шайбан кейін енші алғанда үлесті бұрынғы Ақ Орда жерінен алды.Бірақ билікке талас қызып ,ағайындылар арсында күрес басталғанда ,Шайбан балалары Тоқа-Темір балаларымен бірігіп ,Орда Ежен ұрпағын биліктен ығыстырып шығарды да ,Көк Орда иелігін еншілей бастады»…(«Ақ Орда ма,Көк Орда ма?»,»Ана тілі «,2.04.1992ж.)Қойшығара Салғараұлының пікіріне сүйенсек ,Жошының көзі тірісінде-ақ оның иелігінің үшке бөлінгенін шығысында ұлыстың -Көк Орда (онда Орда Ежен билік құрғанын ),ұлыстың батысында -Ақ Орданың (онда Бату билік құрғанын )көреміз. Ұлыстардың орналасуы мен атаулары бойынша қос зерттеушінің де ойлары орайлас ,сәйкес келеді.. Дешті Қыпшақтағы Ұлыстардың құрылу мерзіміне байланысты екеуінің пікірлері екі түрлі. Дұрысы -Ұлыстардың бөлінуі жөніндегі Қ.Салғараұлының пікірі деп ойлаймын.Көпті көрген ақылды Жошы хан балаларына екі ұлысты көзі тірісінде-ақ бөліп бергеніне күмән болмауы керек. Б.Кәрібаевтың аталмыш мақаласындағы бір-біріне кереғар пікірлердің айтарына келсек:»…14 ғасырдың орта тұсына дейін «Ақ Орда » «Көк Орда» деген атаулар ешбір Жошы ұлысындағы бөліктерге қолданылмаған»; деген пікіріне келесі бір ойлары «Көк Орда»-13 ғасырдың 20-шы жылдарынан 14-ғасырдың басына дейінгі Орда Ежен ұлысы орталығының және бүкіл ұлыстың балама атауы.Ал «Ақ Орда»14-ғасырдың басынан 15-ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі орталығы Сыр бойында болған Орда Ежен әулеті мемлекетінің аты:көпке талас тудырып жүрген екі атау -бір мемлекеттің екі кезеңдегі атаулары…»Анық байқалатыны :әуелі зерттеуші «14ғасырдың орта тұсына дейін Ақ Орда ,Көк Орда деген атаулар » болмағандығын , одан кейін сөзінен жаңылып,»Көк Орданың да, Ақ Орданың да екі кезеңдегі бір мемлекеттің атаулары»,екенін алға тартады.Ал ,түсініп көріңіз.!Сонда қалай болғаны? Жошы иелігіне жататын Дешті Қыпшақ даласының шығысындағы Көк Орда бүкіл территориясымен ,халықтарымен ,ру-тайпаларымен көшіп барып,Көк Орда атын «лақтырып тастап»Ақ Ордаға айналғаны ма? Бату иелігіндегі Ақ Орда қайда жоғалып кетеді?Бату Алтын Ордаға хан болғанда да,Ақ Орда бұрынғы жерінде қалмады ма?Көк Орданың Ақ Орданы ығыстырып шығаратындай,оның атын иемденетіндей қандай негіз,қандай қисын бар?Өзгерсе ,тақ иелері хандар өзгерген шығар.Ал тұтастай бүкіл ұлыс атауын өзгертіп жібергеніне сену қиын. Әкімшілік орталық шығыстағы Алакөлден Сыр бойына ауысты делік.Ақылға қонатыны -бұрынғы қуатынан әлсіреген Көк Орданың (Орда Ежен ұлысы) бұрынғы атын өзгертпей-ақ Көк Орда атымен Ақ Ордамен қанаттас өмір сүруі.Кейін Көк Орданың атын да, затын да Әбілқайыр хан иеленіп алды.
Амантай Бақыт